Құрбан айт мерекесі тойлануда

Құрбан айт мерекесі тойлануда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айт мерексі биыл Т.Рысқұлов ауданында жоғары деңгейде аталып  өтті. Арападан бір күн бұрын мешіттің қызметкерлері айттың қарсаңында мешіттің іші-сыртын толығымен тазалап, дайындық жасады.

Дайындық жұмыстары алдын-ала пысықталып, айтулы мерекенің барынша ойдағыдай өтуі жан-жақты қамтамасыз етілді. Дініміздің екі үлкен  мейрамының бірі – Құрбан айт  мерекесін дәріптейтін ақпараттар, мәліметтер, мақалалар 15 күн бұрын дайындалып, жергілікті газет беттерінде жарық көрді. Мақалада айт мерекесімен  қоса құрбандықтын мән-мағынасын, жөн жоралығын түсіндіретін мағлұматтары мен  және айт намазының оқылу уақыттары көрсетілді. Қазіргі кездегі хабарландырудың ең озық түрі-сыртқы жарнаманың пайдасы мол. Осындай үздік дүниелерді пайдаланып, жергілікті әкімшілік өкілдерімен келісе отырып, Құлан ауылының Жібек жолы көшесінің 2 жерінде, Мешіттің айналасында «Құрбан айт құтты босын» деген құттықтау ілінді.

Алдын-ала дайындалған жоспар бойынша мінберге орталық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы көтеріліп, халыққа уағыз-насихат айтты. Құрбан шалудың тарихы мен маңызына тоқталған ол, бұл амалдың Ибраһим пайғамбардан (ғ.с.) келе жатқан уәжіп екенін тілге тиек етті. Айт намазының соңынан аудандық ардагерлер төрағасы Бижанов Қожайхан аудан имамы Сұлтаншәріп қажыға Т.Рысқұлов ауданың құрмет  грамотасымен марапаттады.

Айт намазы оқылып біткеннен кейін намазға келген жамағат «Сұлтан» орталық мешітінің құрбандық шалатын орнына жиналды. Аудандық  «Сұлтан» мешітің салған кәсіпкер Садыков Сұлтан 1 бұқа құрбандық шалды. Мешітте алғашқы күні барлығы 3 бұқа 10 қой құрбан шалынды. Жылдағы дәстүр бойынша құрбандыққа шалынған малдың еті мен қоса 2кг макарон аудандағы кембағал жандарға, көпбалалы жанұяға таратылды. Сонымен қатар бас имам Сұлтаншәріп қажының ұйымдастыруымен Құрбан айтқа қайрымдылық акциясы ұйымдасырылды.

Аудандық  мешіттің бұл игі шарасы үшін жамағат дін қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. 

Әкімдік берген тізім бойынша жүзге  тарта адамға қайырымдылық жасаған аудандық мешіт мұқтаж жандарға қол ұшын созуда көпшілікке үлгі болып келетінін айта кеткен жөн.

Әбілда Мейірханов 

Т.Рысқұлов ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: