Тараз шаһары айт намазымен нұрға бөленді

Тараз шаһары айт намазымен нұрға бөленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таң нұр кірпігін қаққан сәтте Тараз шаһарының мешіттері Аллаға мадақ, қасиетті Құрманмен дала тыныштығын нұрға бөледі. Өйткені, бүгін исі мұсылман жұртшылық үшін Алла Тағаланың өзі бекіткен ұлық мереке. Алыс-жақынмен арқа жарқа болып, ынтымақ пен бірлік арта түсетін ерекше күн мешіттегі айт намазымен басталатыны баршаға аян.

Жамбыл облысының жүрегі болған орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне жиналған халық қарасы мол.

Таң намазынан айт намазына дейін мешітте Құран оқылып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл жамағатты айтулы мерекемен құттықтап, оның ерекшелігі мен қасиеті жайлы тілге тиек етті.  Облыс әкімі Асқар Мырзахметов  мешіт жамағатын қасиетті мерекемен құттықтап,  айтулы күннің еліміз үшін маңызын атап өтті. Өкіл имам құрбандық шалу туралы уағыз жүргізіп, дүйім жұртты намазға ұйытты. Намаздан соң құтпа оқылып, Құран аяттары бағышталды. Мешіттен шыққан көпшілікке дәм татар дастархан жайылып, ел айттауды Алла үйінен бастап кетті. Ал, зиялы қауым өкілдері мешітте арнайы дайындалған айт дастарханында бас қосты. Келген жамағатқа құрма таралып, «Ораза айт құтты болсын!» атты баннер ілінді.

Мереке құрбандық шалумен жалғасын таппақ. Аталған мереке мен құрбан малын шалу рәсімі 3 күнге созылмақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: