Құрбандыққа шалынған мал еті халыққа таратылуда

Құрбандыққа шалынған мал еті халыққа таратылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт – Алланың разылығына жеткізетін амалдар жасайтын мұсылмандардың ең қасиетті, ұлық мерекелерінің бірі.  Құрбан айттың тағы бір ерекше тұсы бар ол – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау.   

Жылдағы үрдіске сай Жамбыл облысы бойынша Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтілуде. Мерекенің негізгі жөн-жоралғыларын атқаруда орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастап, барлық қалалық, аудан, ауыл мешіттері де атсалысуда.

Алғашқы құрбан малын шалу рәсіміне ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысып, құран оқып, дұға жасады.

Бүгін айттың бірінші күні мешітте шалынып жатқан құрбандық малдарының еті "Құрбан айттан қайырым" науқанында халыққа таратылып басталды. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: