Жамбылдық имамдар біліктілігін арттырды

Жамбылдық имамдар біліктілігін арттырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз шаһарының рухани орталығы "Һибатулла Тарази" мешітінде екі аптаға созылған Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында өткен Жамбыл облысы имамдарының біліктілігін арттыру семинары өз мәресіне жетті. 

Дін мамандарының біліктілік деңгейін арттыру дәрістерін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген ғылыми дәрежелі оқытушылар құрамы жүргізді. 

Іс-шараның мақсаты - облыс көлеміндегі мешіт жамағатының арасында кездесетін деструктивті діни идеологияның алдын алу, сыңаржақ бағытта жүрген азаматтарға ғылыми тұрғыда дін мәселелерін түсіндіріп бере алатын имамдар корпусын қалыптастыру.

84 сағаттан тұратын 2 апталық курс Тараз қаласы мен аудандарын қамтыды. Бүгін қорытынды жиында  135 жас имам арнайы сертификаттармен марапатталды. Аталған құрметті ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл табыстады. 

Сондай-ақ, курстың аяқталуына орай, брифинг ұйымдастырылды. Баспасөз мәслихатында өкіл имаммен қатар исламтанушы, философия ғылымының кандидаты Кеңшілік Тышхан, клинический психолог Баймухамбетова Резеда сұхбат берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: