Қасапшылар білімдерін шыңдай түсті

Қасапшылар білімдерін шыңдай түсті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай қасапшыларға арналған семинар өтті. 

Іс-шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл, "Халал Даму" ұйымының Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов, "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Наркес Боханов дәріс оқыса, оны тыңдауға 30-ға жуық қасапшы қатысты. 

Қанат Жұмағұл өз сөзінде мал союдың әдептері, құрал-сайманның дайындығы жайынды аят-хадистерге сүйене отырып, егжей-тегжейлі түсіндіріп, толық мағұлмат беріп өтті. Ал "Халал Даму" ұйымының өкілі сойылған мал қайтсе халал болады, бауыздау әдебі, Алла атымен бауыздау, малды қинамау, адалдыққа аса мән беру сынды жайттарға назар аударды. Көпшілікке құрбан малын шалуға арналған бейнематериал да көрсетілді.

Курсқа қатысқан қасапшылардың барлығына арнайы сертификаттар табысталды. Аталған семинардан өткен мамандар Құрбан айт күндері белгіленген мешіт орындарында халыққа қызмет көрсететін болады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

                  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: