Таразда құрбан айт мерекесіне орай брифинг өтті

Таразда құрбан айт мерекесіне орай брифинг өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ұлтты ұйыстырған мүбәрак Құрбан айт мерекесінің қарсаңында атаулы мейрамға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға «Ақ жол», «Жамбыл-Тараз», «Арай», «Ғұмыр дария», «Знамия Труда» газеттері мен «Jambyl», «77» арналарының тілшілері қатысты.

Брифинг барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл 11-тамызда сағат 7:00-да айт намазын оқумен бастау алатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы турасында журналистерге мол мағлұмат берді. Сонымен қатар, ұлттық нақышта сипат алған мерекеге қала мешіттерінде үлкен дайындық жасалып, бірқатар игі шаралар мен акциялар қолға алынғанын айтты. «Құрбан айт – қазақ халқы үшін айрықша мереке. Төл дәстүрімізге айналған мүбәрак мейрамды бұқара болып атап өту біздің игі салтымыз. 10 тамыз күні – Арапа, 11-13 тамыз аралығында үш күн Құрбан айты аталып өтіледі".

Сондай-ақ, өкіл имам өз сөзінде: "Құрбан айт күндері жыл сайын жылжып келе жатқандықтан жыл басында туылған қозылар яғни бүгінгі 6 айға толмаған тоқтылар құрбан малы болуыға жарамсыз. Ал осы 6 айға толмаған тоқтыны құрбандыққа шалуды ниет етіп отырған адамдар болса, оны сатып орнына қой алуы керек. Құрбандық үшін сатып алатын малдың жасы да дәл осындай болмау тиіс" - деп түсіндіріп өтті.

Жамбыл облысы бойынша мереке күндері өңір бойынша құрбан шалатын орындар дайындалуда. Аталмыш орындар арнайы бақылауға алынып, оның тазалығы мен  барлық жағдайы шариғат талабы мен ережесіне сай орындалатын болады. Айта кету керек, брифинг барысында қажылық мәселелері де жан-жақты айтылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: