Әйелдер жамағатына психологиялық тренинг өткізілді

Әйелдер жамағатына психологиялық тренинг өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен әйелдер жамағатына арналған психологиялық тренинг өтті.

Рухани сырласу, өз-өзімізді сарапқа салу, әр әрекетті, мақсатты ойланып қоя білу сынды біраз дүниенің астарын ақтарып, көпшіліктің көңілінен шыққан ерекше жиынды Жезқазған қаласынан келген клинический психолог маман Баймұхамбетова Резеда Салемжановна жүргізді.

Адамның өз-өзімен жұмыс жасауы, қалай лайықты тұлға болу, басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керек, бала тәрбиесі, балалармен қалай дұрыс сөйлесу керек сияқты барлық тақырып қамтылған тренингте әйелдер біліп-білмейтін көптеген маңызды мағұлматтар алып, өмірдің маңызды қырларын үйренді. 

Нәзік жандылар осындай тренингтің тағы да ұйымдастырылуын өтініп, әсерлерімен бөлісті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: