Тараз: Қажылыққа баратындар үшін семинар өтуде

Тараз: Қажылыққа баратындар үшін семинар өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның үлкен 5 парызының бірі - қажылық жасау. Алла тағала күллі мұсылмандардың жүзін қаратып, бар иман келтіргендерді бір орынға жинаған қасиетті  мекені - Мекке қаласына сапар, қағбаны тауап ету, Алланы ұлықтау. Міне, осы сапарлардың ішіндегі ең сауаптысы, теңдесіз бақытқа бөлейтін ұлы күн жақын қалды. Үлкен қажылық Құрбан айт мерекесі мезгілінде жасалатыны баршаға мәлім. Осыған орай, Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде қажылыққа аттанатын Жамбыл облысының жұртшылығына "Қажылық" семинары жүргізілуде. 

Екі күнге созылатын семинарда Жамбыл облысындағы Қажылық бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев дәріс беруде. Аталған жиында қажылықтың парыздары, қажылық рәсімі қалай атқарылады, құрбандық шалу, тауап ету, арафат тауы, мина жазықтығы сынды барлық амалдар бүгей-шүгейлі түсіндірілуде. Семинарда арнайы бейнежазбалар көрсетіліп, Жамбылдықтардың сұрақтарына жауаптар берілуде. Ихрамды кию, шаш алдыру сияқты шариғи дүниелер жайында аят-хадистер келтіріліп, толыққанды мәліметтер берілуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына қосымша арнайы қажылық  сайты да ашылған болатын. haj.muftyat.kz сайтына Жамбыл облысының діни ресми сайты asyldin.kz арқылы да өтуге болады. Сайтта баннер арқылы үлкен сілтеме берілген. Семинарда порталды пайдаланып, тиісті мағұматтарды алу жолдары да түсіндірілді.

Айта кету керек, Қазақстан бойынша қажылыққа 19 компания тасмалдайтын болады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: