Шәкірттер арасында білім додасы өтті

Шәкірттер арасында білім додасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен мешіт жанынан ашылған жазғы балалар сауат ашу курсының шәкірттерімен қоштасу кеші өтті. 

Жазғы маусымның аяқталуына орай мешіт ұстаздары мен педагогикалық іс-тәжірибеден өтуші студенттердің ұйымдастыруымен бүлдіршіндер арасында білім сайысы өтті. Іс-шараны осы мешіттің наиб имамы Бахтияр Амреев алғы сөзімен бастап, "Білім алудың маңыздылығы" жайында көркем насихат айтты. Сайыс шымылдығы Мариям қыздың Құран аяттарын оқуымен ашылды. 

Мешіттен білім алған балалар 1 ай бойы үйреніп-білгендерін тексеру мақсатында өзара жарысып, үздіктер анықталды. 

Сайыс 3 кезеңнен құралған: 1. Қасиетті Құран кәрім бойынша; 2. Дұғалар сайысы; 3. Сира пәні (Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өмір жолы) бойынша сканворд шешу сайысы. Тартысты өткен сайыс соңынан діни әндер айтылып, ойындар ойнатылды. Барлық білім додасына қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Ал сыннан сүрінбей озып шыққан жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Шара соңында қорытынды сөз Түркия елінде Исламтанушы мамандығы негізінде PHD докторантурада ілімін жетілдіріп жатқан білікті маман Зейнеп Үсеноваға беріліп, ардақты ұстаз шәкірт қыздарға ізгі тілегін білдіріп, алдағы уақытта тек алғыр болып алда жүрулері үшін сәттілік тіледі.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА, 
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: