Найб имам әкімшілік қызметкерлерімен кездесті

Найб имам әкімшілік қызметкерлерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар  қоғам тарапынан дін туралы дұрыс та, бұрыс пікірлер тудыруда.  Діннің атын жамылып дінге кір жағып, білімсіз өзі адасып және өзгені адастырып жүрген адамдарда жетерлік.  Дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, имани сауатын ашу маңызді іс.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің найб имамы Талғат Кәрібайұлы ішкі саясат бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, Абай ауылының әкімшілігінің қызметкерлеріне Уахаббия ағымы мен Таблиғ жамағаты жайында және олардың алдын алу жолдарын түсіндіріп қайтты.

Мекеме қызметкерлері қатысқан келелі бас қосуда Талғат Кәрібайұлы аталмыш тақырыптарға кеңінен талқылап, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

  Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: