Бала мүмкіндігі - көңілінің қуанышы

Бала мүмкіндігі - көңілінің қуанышы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің қолдауымен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық жасалды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Қанат Жұмағұл мен сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева 6 жасар бүлдіршіннің үйіне арнайы барып, хал-жағдайын сұрап, көңілін аулады.

Қонақтарын қуана қарсы алған аяулы жанға мүгедек арбасы мен қыздардың сүйікті ойыншығы - қуыршақ сыйға тартылды. Бұл арнайы арба баланың жеңіл қозғалуына, еркін отыруына мүмкіндік береді.

Дін мамандары қыздың ата-анасымен тілдесіп, сабыр, Алланың сүйікті құлдарына берілетін сынақ жайлы насихат айтып, бүлдіршін үшін дұғада болатындарын жеткізді. Өкіл имам қасиетті Құран аяттарын оқып, Алладан қызға шипа сұрап, жанұяға игі тілегін білдірді.

Тағдыры таразыда теңселген ел, жұрт, отбасы қаншама. Алайда сол сәтте сынақтан сүрінбей өтіп, бақытқа қол жеткізетін қадамдар санаулы ғана. Ең бастысы сіз, біз болып бауырларымызға, бір-бірімізге демеу бола білсек, ауызбірлігі жарасқан ұлт баласын да, анасын да жылата қоймасы анық...

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: