Құранға түскен шәкірттерге сыйлықтар табысталды

Құранға түскен шәкірттерге сыйлықтар табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Дардадан жеткен (р.а) Алла елшісінің (с.ғ.с) хадисінде: «Кімде-кім» білім жолына түссе, Алла Тағала оның жұмаққа барар жолын жеңілдетеді» делінген. 

Тараз қаласының бірнеше мешіттерінде жазғы демалысқа шыққан оқушыларды ұстаздар Құран үйрену курсына қабылдаған болатын. Курстың аяқталуына байланысты Құранға түскен, емтиханнан өткен шәкірттер арнайы марапатталды.

Балалардың Құран оқуға деген ықыласын арттыру мақсатында ұстаздар ынталандыру сыйлықтарын ұйымдастырды.

«Кеңесхан қажы» мешітінде білім алған 50 ер балаға, «Айсұлу ана» мешітінің Құранға түскен 4 шәкірттеріне және «Ар Рахман-Ар Рахим» мешітінің 15 шәкіртіне сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: