Шәкірттердің сауат ашу курсымен қоштасу кеші

Шәкірттердің сауат ашу курсымен қоштасу кеші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, «Кеңесхан қажы» мешітінің жазғы сауат ашу курсының шәкірттері «қоштасу кешін» өткізді. Ата-аналар мен ұстаздар көрермен болған жиында жас ұрпақтың жан дүниесін байытатын, рухани азық алуына жол ашатын қойылымдар көрсетілді. Оның ішінде шәкірттер Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген махаббатын көрсетіп салауат айтты, діни ойындар мен викториналық сұрақтар қойылды.

Кеш барысында «Һибатулла Тарази» мешітінің бас ұстазы Гүлжан Серікқызына  сөз берілді. Бір ай бойы шәкірттердің мешітте өткен уақыты бейне роликпен ата-аналарға көрсетілді. Жиын соңында оқушы қыздарға сыйлықтар таратылды.

Айта кетейік, кешті «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Жібек Қолағұлова мен «Нұр Мүбәрак» және «Үш қоңыр» оқу орындарының білімгерлері  ұйымдастырды.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: