Шуда аудан имам-молдаларының мәжілісі өтті

Шуда аудан имам-молдаларының мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы ауданға қарасты барлық ауыл имам-молдалармен аудандық мешітте жиын өткізді.

Жиында ҚМДБ-дан және облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен жүктелген міндеттер талқыға салынып, атқарып жатқан 4 бағыт жұмыстар  бойынша сондай-ақ, имамның этикасы, тұлғалық келбеті, өзге дін өкілдерімен және мешітке келуші жамағат пен ауыл тұрғындарымен жақсы мәміледе болу сынды мәселелелер қозғалды.

Ауданның дін басшысы имамдардың атқарған жұмыстарын тыңдап, жіберген қате кемшіліктеріне ескертулер жасап, берілген тапсырмаларды дер кезінде орындауларын тапсырды. Жиналыс барысында Уаһабия, Таблиғ жамағаты және де басқа да деструктивті діни ағымдармен күресу жұмыстарын күшейту керектігін тілге тиек етіп, олармен күресу жолдарын түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, ауыл имам молдаларының білімін жетілдіру мақсатында ай соңында 2 күн жүйелі түрде ақида, фикх, Құран, тәджуид бойынша сабақтар өту жоспарға қойылды. Өкілдік "Һибатулла Тарази" мешіті тарапынан берілген Құран кітабы жиналыс соңында имам-молдаларға бір данадан үлестірілді. Ауыл молдалары көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: