Жамбыл имамдарының мәжілісі өтті

Жамбыл имамдарының мәжілісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қала және аудан бас имамдарының кезекті жиналысы өтті. 

Жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Қанат Жұмағұл жүргізді. Мәжілісте қасиетті рамазан айында атқарылған іс-шаралар сөз болып, жарты жылдық есеп тыңдалды. 

Сонымен қатар күн тәртібіндегі мәселелер қозғалып, жіті қадағаланды. Атап айтар болсақ, "Таблиғи жамағаттың" белсенді әрекеттеріне тосқауыл қою, олармен кешенді жұмыс жасау, "Таблиғи жамағаттың" зардаптары туралы мәліметтерді жаңалыққа беру, әлеуметтік желілерде тарату; «Харекет» қоры туралы ескерту; Уақытында «Уақып» қорынан айлық алып келген, қазіргі уақытта қордың жұмысы тоқтатылуына байланысты айлықтарын ала алмай жүрген имамдарға өкілдік тарапынан 10 000 теңге көлемінде айлық жәрдем беру; Кез келген тапсырманың есебін уақытылы жіберу мәселесі; Медресеге, «Нұр-Мүбәрак» университетіне талапкерлер жинау; Облыс аумағында қызмет ететін имам, молда және өзге де дін қызметкерлерінің сәлде-шапанын жаңарту және оны осы тапсырманы нақты қолға алу; Жазғы сауат ашу курсы жұмыстарының сапасын арттыру, т.б. 

Өкіл имам дін мамандарына қатаң талап қоя отырып, жұмысқа деген құлшыныстарын арттыратын отты сөздер сөйледі, сондай-ақ, нақты тапсырмалар жүктеді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: