ЖАНТ мүшесі Меркі жамағатымен жүздесті

ЖАНТ мүшесі Меркі жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жергілікті ақпараттық-насихат тобының мүшесі, жерлесіміз Кенжемолдаев Алмаз Асқарұлы Меркі ауданына келіп, орталық «Меркі ата», аудан орталығында орналасқан «Жақсымбет ата», «Жүніс молда» мешіттерінде уағыз-насихат іс-шарасына қатысып жамағаттармен пікірлесіп, бесін, аср, шам, намаздарын жамағатпен бірге өткізді.

Алмаз бауырымыз, Адамзат баласы екі дүниеде бақытты болу үшін, Алла тағала пенделерінің дұрыс жол таңдау мүмкіндігін қалай, Құран кәрім кітабын түсіріп, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) міндет жүктеп, Құран Кәрімде көрсетілген, адамзат баласының адаспай, айтылған қағиданы бұлжытпай орындаған жағдайда, ол пенде еш уақытта қор болмайтындығын баяндады. Құран кітабын оқыған азаматтар, оқыған бір бөлек, аяттардың мағынасына мән беріп, әр айтылған аятқа амал жасау керектігін баса айтты. Осы амал орындалған жағдайда қазіргі таңдағы адасушылық, дінге жала жабу, дінді бөле-жару, қатігездік, көреалмаушылық, қас дұшпандық бүлікшілік сынды оқиғалар орын алмайды.

Сөз соңында, Алмаз бауырымыз: "Құран оқып айтылған аяттарға амал жасап, мағынасына мән беріп, қандайда бір жағдайда шешім шығармас бұрын, пікірлесіп бірлесе шешкен жөн болады, қазақ атамыз айтқандай келісіп пішкен тон келте болмайды деген, әр нәрсенің соңы жақсы болады дей келе, еліміз аман болсын, жамағаттардың бірлігі арта берсін, Алла разы болатын амалда болыңыздар" - деп сөзін аяқтады.

Аудандық «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: