«Әулие ата» мешітінің шәкірттеріне сертификат табысталды

«Әулие ата» мешітінің шәкірттеріне сертификат табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің шәкірттері бір жылдық курсты тамамдады. Мешіт ұстазы Фатима Мусаева көпшілігі жасы үлкен апалар екеніне қарамастан, фиқһтан жазбаша және тәджуидтен емтихан қабылдады.

Дастархан алдында жиналған шәкірттерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Алдасаева сөз сөйлеп, құттықтады. Мешіт имамы Ораз Баймаханов Құран оқылғаннан кейін, білім алудың мол сауабы туралы уағыз айтты. Білім – инемен құдық қазғандай, ықылас пен сабырды талап етенінін және білім алу жасқа қарамайтынын айтып өтті.

Емтиханнан өткен шәкірттерге ұстаздар сертификат табыстады. Шәкірттер ұстаздарға разылықтарын білдірді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: