Форум Байзақ жастарын да жинады

Форум Байзақ жастарын да жинады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданында өткен жастар форумын аудандық прокурор Рүстем Әбілхайыров пен аудан әкімі Рахматилда Рахманбердиев ашты. Сөз барысында ауданда экстремизмге қарсы тұру жөніндегі жұмыстар туралы айтылды.

Қазақстанның мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуә бөлімі өкілі, ислам ғалымы Бауыржан Әлиұлы Қазақстандағы ислам тарихы туралы әңгімелеп берді.

Ал Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов ислам ғалымы туралы қате пікірлер мен жойғыш ағымдар туралы әңгімеледі.

Байзақ ауданының жастарын қызықтырған «Экстермистердің мақсты қандай?», «Бұл жолға түскен жандармен қандай жұмыстар жүргізіліп келеді?», «Жусан операциясымен елге оралған қандастарымызбен қандай жұмыстар жүргізіледі?» деген сынды сұрақтар қойылып, дәйекті жауаптар берілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: