Жастар форумы Тараз шаһарында қорытындыланды

Жастар форумы Тараз шаһарында қорытындыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша және облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы жастары арасында "Бiз экстремизмге қарсымыз" атты тақырып аясында Қазақстан Республкасында дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жɵнiндегi 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны жəне "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасын жастар арасында насихаттау туралы форум бүгiнде Тараз қаласының жас буын ɵкiлдерiмен ɵткiзiлдi. Тағылымы терең тақырып бойынша елiмiздiң дiни сауаты мығым имамдар ɵз баяндамаларын ұсынды. 

Тараз қаласының прокуроры Елдос Тұрғынбайұлы және Облыс  орталығы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай алғашқы сөз кезегін алып, шара мақсатымен таныстырды.
Ɵз сɵздерінде мəйегi биiк ой шеңберінің кеңдігін айтып, бұл шараның қаншалықты мағыналы екендiгiн тағы бiр мəрте нұсқап ɵттi. Модератор Бауыржан Жолдасбекұлы ɵз терроризм мен дiни экстремизм турасында видеоматериал ұсынды.

"Қазақстан жерiндегi Ислам ɵркениетiнiң даму тарихы" атты тақырыпта Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы Шариғат жəне пəтуа бɵлiмiнiң қызметкерi, исламтанушы Бауыржан Əлиұлы ислам тарихынан кɵпке беймəлiм ақпараттар берiлiп, тыңдарман сүйiспеншiлiгiне айналды.

Алматы қаласы орталық мешiтiнiң наиб имамы, исламтану ғылымының магистрi Ермек Жамбылұлы "Жастар жəне Ислам: ɵзектiлiк пен қақтығыс нүктелерi" атты тақырыпта көптен көкейде жүрген төңірегі тұман сұрақтардың жауабын айтты.

Ал ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев қазақ даласының табиғатының асқан шеберлікпен жасалғандығын және бұл сұлулыққа тек қана поэма емес, том–том романдар жазуға болады деген рухани серпіліс демін есті.

Тарақ қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов жастардың сауалдарына жауап беріп, тың мәліметтер беріп өтті.

Қызу талқыда өткен іс–шара шарықтау шегіне келгенде көптің сауалына жауап берумен ұласты. Көрермендер тарапынан «Жусан операциясы дегеніміз не?», «Жастар шет елдерде қандай діни білім ала алады?» сынды легі шексіз сұрақтармен баяндамашыларға қызығушылық танытты.

Нәтижесінде «үздік белсенділік», «үздік сұрақ», «өзекті мәселе», «үздік ұсыныс» сынды номинаиялар бойынша белсенді тыңдармандарды марапаттап, тарасты.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: