Үйсіз жүрген жандарға зекет берілді

Үйсіз жүрген жандарға зекет берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зекет ұғымы - көбею, өсу, тазару, берекет, нығметтерге шүкіршілік айту секілді мағыналарды  қамтиды.  Алла тағала бақара сүресінің екі жүз жетпіс алтыншы аятында: «Шайтан кедейлікпен қорқытып, сендерге жаманшылық жасауды бұйырады. Ал Алла сендерге өз тарапынан кешірім мен кеңшілігін уәде етеді...» - дейді.

Осы игі ниетпен Тараз қалалық «Бегалы ата» мешітінің имамы мен кәсіпкер азаматтың ұйытқы болуымен асыраушысы жоқ, көп балалы аналарға зекет берілді. Қала сыртындағы шалғай ауылдардағы үйсіз жүрген 5 отбасына және екі медресе шәкірттеріне оқу ақысын төлеу үшін әрқайсысына 50 мың теңгеден жалпы 350 мың зекет берілді.

Алла баршамызды парыздарын өтеушілер қатарынан етсін!

 «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: