Меркі ауданы: Ораза айт күні өткен іс-шара

Меркі ауданы: Ораза айт күні өткен іс-шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағалаға сансыз шүкірлер болсын, Алланың мейірім шапағатымен еш қиындықсыз аудан жұртшылығы ораза ұстап, тарауих намазын оқып, қайырымдылық іс-шараларға қатысып, қимастықпен Рамазан айын шығарып салды.

Ауданымызға қарасты барлық мешіттерде айт намазы оқылды. Халықтың жылдан-жылға дінге деген құштарлығы сезіледі. Айтайын дегеніміз аудан орталығындағы бес мешітте, айт намазына аудан әкімі қатысып, мешіт ауласына жамағат толып, айналасына кілемдер жайылып, Аллаға құлшылық жасады.

Меркі ауданына қарасты «Қарабала Төре» мешітінде Ораза айт намазынан кейін ел игілігі үшін жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен (ұн, сұйық май, макарон, күріш, шекер, тұз, гречка т.б.) көмек көрсетілді. Келген жамағатқа және жасөспірім балаларға арналып 400 балмұздақ, 200 стакан шырын, 400 вата таратылды, және арнайы балаларға арнап 2 батут ойын-сауық алаңы тұрғызылды.

Ораза айт күнінің бірінші күні Меркі ауданынан Тараз қаласына бағытталған арнайы тегін жол акциясы ұйымдастырылды.

Алла тағала барша мұсылман бауырларымыздың ұстаған оразаларын қабыл алып, келесі жылғы Рамазан айына сау-саламатты жетуімізді нәсіп етсін. Әмин!

Меркі аудандық «Меркі-ата» мешіті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: