Ораза айттың құрметіне ізгі іс шаралар өткізілді

Ораза айттың құрметіне ізгі іс шаралар өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таң намазынан кейін "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы «кішілерге ізет үлкендерге құрмет» жайлы уағыз айтса, Байзақ баба мешітінің найб имамы Каримбаев Айбек «ораза айтта әр бір мұсылмандар атқаратын 8 амал» жайлы уағыздар айтты. Байзақ ауданының әкімі Рахмәтілдә Сегізбайұлы арнайы мешітке келіп, жиналған жаматтың алғашқы сабында тұрып айт намазын бірге оқыды.

Айт намазы оқылып болған соң Байзақ баба мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының ұйымдастыруымен арнайы айттық дастархан жайылды. Жамбыл облыстық мешітінің өкіл имамы Қанат Жұмағұловтың тікелей тапсырмасымен айт намазының құрметіне Сарыкемер – Тараз бағыты бойынша тегін автобус қатынады. Байзақ жұртшылығы ризашылығын білдіріп, ақсақалдарымыз батасын берді.

Байзақ баба мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажының ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Тұрмысы төмен және көпбалалы аналарға азық-түлік пен ет таратылды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: