Шу ауданындағы Ораза айт намазы

Шу ауданындағы Ораза айт намазы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Мұсылман халқының басын қосып, ынтымақ пен берекенің қазандығы болған Ораза айт мейрамы Шу ауданында жоғары деңгейте аталып өтті.

Таңмен таласа ұйқыдан оянған аудан тұрғындары Алланың жердегі үйі мешітке асыға келіп сапқа қосылуда. Иісі мұсылман баласы 30 күн оразадан кейін алғашқы айт намазын оқуға Шу аудандық "Төле би" мешітіне келген кісілер арасында, үлкен ақсақалдар, апа-әжелер, ақ жаулықты аналар сондай-ақ ер азаматтар мен жас бүлдіршіндерде қатысты.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлы келген жамағатты қасиетті ораза айт мейрамымен құттықтап, ұстаған оразаларыңыз, берген садақаларыңыз, құлшылық ғибадаттарыңыз, тілеген тілектеріңіз қабыл болып, келесі жылғы осындай қасиетті күндерге жетуімізді Алла нәсіп етсін деп жылы лебізін жеткізді. Мешітке келген жұртшылық Аят қажы Дыбысұлының әсерлі уағыз-насихатын тыңдады.

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дегендей Аят қажы Дыбысұлының бастамасымен аталмыш күні мүмкінділігі шектеулі және жағдайы төмен 40 отбасыларына 40 қап ұн, сұйық май таратылды. Аудандық мешіттің найб имамы Талғат Кәрібайұлы үй-үйлерді аралап, сыйлықтарын табыс етіп, бас имамның сәлемдемесін жеткізіп қуаныштарымен бөлісіп қайтты. Осындай игі іс-шараның басқасында жүрген ер азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Намаздан соң жамағат айт мейрамын тойлауды бастап кетті. Осындай қасиетті мейрамдарға жеткендері үшін шүкір қылып, бір бірлерін құттықтап, жүздерінде шуақ, мәз болып тарқасты.

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Қасиетті ораза айт мейрамы құтты болсын.

Шу аудандық "Төле би мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: