Рамазанда "Қауырт желі" 4322 сұраққа жауап берді

Рамазанда "Қауырт желі" 4322 сұраққа жауап берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті рамазан айының құрметіне «Қауырт желі» іске қосылған болатын. Жаңа жоба барлық азамат, азаматшаларға рамазан айында діни сұрақтар бойынша кәсіби көмек көрсетті.

Бұл айда "Қауырт желіге" тұрғындар тарапынан 4322 сұрақ келіп түсіп, барлығына жауап берілді. Тұрғындарға кеңес қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Халық үшін 6 білікті маман қызмет көрсеткен болатын. Атап айтсақ, қазақ тілінде Бақытұлы Нұралы, Ембергенов Амангелді, Ақжолов Бағзат жауап берсе, орыс тілінде Ахметов Хамидулла, Ахметов Арипжан, Боханов Наркес жұртшылықтың сұрауына үн қатты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: