ЖО мешіттері: Облыс бойынша 1478 отбасыға 13 764 940 теңге пітір таратылды

ЖО мешіттері: Облыс бойынша 1478 отбасыға 13 764 940 теңге пітір таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны ең қасиетті ай мүбәрак рамазан айы бізбенен қоштасты. Осы бір сауапқа толы әр күні мереке болған ай күллі мұсылман үшін берекелі, бірлік пен шаттыққа толы болғаны сөзсіз. 

Бұл айдағы қарқынды жұмыстың, жомарт жандардың еңбегінің нәтижесінде көптеген отбасылар қуанышқа бөленіп, діни ахуалымыздың жақсаруына сеп болды. 

Жамбыл облысында рамазан айында 60 мешітте тарауих намаздарында Құран хатымы оқылып, дұғасы бағышталды. Осы қасиетті айда Жамбыл өңірі бойынша жалпы қайырымдылықтар мен пітір тарату науқанын қосқанда 434 іс-шара өткізілді. Барлық ауызашар және пітір садақасын таратуға сондай-ақ, өзге де қайырымдылық істеріне жұмсалған қаражат көлемі 49 600 070 теңгені құрады. Аталған қаражаттың ішінде пітір садақасы ретінде қаржылай және азық-түлік түрінде 1478 адамға 13 764 940 теңге үлестірілді.

30 күн ішінде облыс бойынша 1100 рет ауызашар беріліп, онда 110 023 адам ауыз ашты.Бұқаралық ақпарат құралдарында (газет беттері мен діни сайттарда) 165 діни мақала жарияланды. 

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: