Қордайдағы Ораза айт

Қордайдағы Ораза айт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл да жылда қалыптасқан дәстүр бойынша Алланың қалауымен аудандық «Қордай» мешітіндегі Ораза айт намазына халық көп жиналды. Олардың арасында ақсақалдар, әже-апалар, орта буын ағалары, әртүрлі сала қызметкерлері жастардың қатары да мол болды.

Айт күндері мейірім-шапағат, рақымшылық, достық сезімдері мешітке келген адамдардың жылы жүздерінен байқалып тұрды. Айт күндері адамдардың рухы шаттанады, күнделікті күйбең тіршіліктен жабырқау тартқан көңілдері жадырап, бір сергіп қалады. Жиналған қауымға бас имамы Д.Жандосұлы  Ораза айтының өзіндік ерекшелігіне кеңінен тоқталды. Уағыз айтып, жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелер жөнінде де ойын ортаға салды. 

Қадірлі мерекеге арнайы жиналған жерлестерімізді қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтады. Әрбір отбасына амандық, тыныштық, екі өмірдің жақсылығын тіледі. Аудан имамының насихатынан кейін аудандық «Ардагерлердің» басшысы Біржан Әлімбет және Жамбыл облысының құрметті ақсақалы Төле Аманжанұлы халықты ораза айт мерекесімен құттықтап ыстық лебіздерін білдірді. Жиналған жамағат мешіттің екі қабатына, бастырмасына қоса сыймай, мешіт ауласынадейін шықты.

Мешіт ауласында шатыр тігіліп, мешіт қызметкерлері ұлттық нақышта киініп, мерекелік дастархан жасалында. Дастархан төрінде ұлттық сусындар қымыз бен шұбаттан ағак буын дәм татса, жастар жағы шоро сусынан сусындады. Ыстық бауырсақ пен құрма да дастарханға қойылып, жиналған әлеумет ауыз тиіп, дән риза болып, мешіт ұжымына алғысын білдірді.

 Қордай-Тараз қоғамдық көлігінде де  ұлық мерекеге орай  жол жүру тегін болды. Найб имам Асқар Зәкіржанұлы  жолаушыларды айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, дұға жасады.

Аудандық «Қордай» мешітінің  баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: