Тараз қаласына бас имамы тағайындалды

Тараз қаласына бас имамы тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы қызметіне Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ахметов Ғазиз Нұртайұлы тағайындалды.

Жұма уағызынан жүргізген ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл  насихаттан соң жамағат алдында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, халыққа таныстырды. Өкіл имам қалалық мешіттің жаңа бас имамы жайлы тілге тиек етіп, Ғазиз Нұртайұлын жаңа қызметімен құттықтады.

Ал ақсақалдар мен көпшілік дін маманына сәттілік тілеп, дұға жасады.

Ахметов Ғазиз Нұртайұлы туралы

1984 жылы 6-ақпанда Тараз қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі ұлы және бір қызы бар.

БІЛІМ ЖОЛЫ:

* 1991-2001 жылдары Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті тәмамдаған.

* 2001 жылы Түркістан қаласындағы Қазақ-араб университетінің дайындық курсынан өткен.

* 2002-2006 жылдары Қазақ-араб (Отырар) университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша білім алған.

* 2007-2010 жылдары Түркиядағы Селжук университетінің «Ислам мәзһабтары тарихы» саласы бойынша магистрант дәрежесін алып шыққан.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

* 2010 жылы Астана қаласындағы Ислам орталығында ұстаздық қызмет етеді.

* 2010-2012 жылы Астана қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінде Бас имам болып қызмет атқарады.

* 2012 жылы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне кіріседі.

* 2015 жылдың қазан айынан бастап Тараз қаласының Бас имамы болып қызмет атқарады.

* 2017 жылы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам болып қайта тағайындалды.

* Астана қалалық «Жергілікті түсіндіру тобының» (ЖТТ) мүшесі.

наиб имам

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (9)

Оқи отырыңыз: