Қаратауда ауқымды діни кездесулер өтті.

Қаратауда ауқымды діни кездесулер өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша  өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов Талас ауданында өткен облыстық жылжымалы діни кеңес отырысына қатысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың қатысуымен жиында облыстың бас имамы өңірдегі діни ахуалға қатысты пікірін білдірді.

Өңірдегі мешіттер жағдайы, халықтың діни сауаттылығы, құрылыс және даму жұмыстары сөз болды.

Жиыннан кейін Қанат Жұмағұлов «Қаратау» орталық мешітінде жамағатпен кездесіп, дәстүрлі дініміздегі ізігілік пен асыл қасиеттер жайында уағыз айтты.

Имандылыққа толы жүздесу барысында облыс имамы жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жылы лебізін білдірді.

Ауданға ат басын тіреген өкіл сонымен қатар ауыл мешіттерінің имамдарымен де мәжіліс өткізді. Жиналыста ауылдағы діни жағдай, кадр мәселесі тілге тиек болды. 

Талас аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: