"Нәби" мешітінде уағыз дастарханы жайылды

"Нәби" мешітінде уағыз дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласында орналасқан "Нәби" мешітінде дәстүрлі айлық уағыз дастарханы жайылды. Кезекті игі шара жамағаттың басын ас үстінде біріктіріп, мағыналы, дәйекті, көркем насихатпен ерекшеленді. 

Жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл арнайы қатысты. Көпшілікке шариғи мәселелердің түйіні жайлы тіл қатып, бірлік, татулық туралы сөз сөйледі.

Ал "Һибатулла Тарази" медресесінің ұстазы Наркес Бұханов құрбандық қылу және оны сақтап қалу турасында уағыз жүргізді. Ұстаз Алла үшін тәуекел етіп, дүниелік затты құрбан етіп қалай кемелдікте болуға болатыны жайлы мықты мысалдар келтірді.

Жамағаттың көкейкесті сауалына жауаптар айтылып, ақсақалдар бата берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: