Қайырымдылық жұмыстары жалғасуда

Қайырымдылық жұмыстары жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айтулы мерекелерде  отбасы мүшелері бір шаңырақ астында , Жаратуышыға дұға жасап, мерекелік дастархан басында жиналатын дәстүр әр отбасында бар екеніндігі баршамызға мәлім.

Қордай аудандық мешітінің ұйытқы болуымен осындай күндері көп балалы отбасылардың дастарханы мол, көңілдері көтеріңкі болу үшін азық-түлік жиынтықтары 3 отбасына үлестіріліп, онымен қоса қаржылай да көмек көрсетілді. Бас имам Д.Жандосұлы үй-үйді аралап, аталмыш отбасылардың тұрмыс жағдайымен етенен танысып қайтты.

Мереке қарсаңында арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына разылығын білдірген көпбалалы аналар мешіт ұжымына алғыстарын жаудырып, алдағы жұмыстарына табыс тілеп, ризашылықтарын жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: