Жамбылдың нәзік жанды ұстаздары жаңа қарқынмен жоспар жаңартты

Жамбылдың нәзік жанды ұстаздары жаңа қарқынмен жоспар жаңартты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін «Һибатулла Тарази» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өңірдегі ұстаздармен танысу, іс-тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысының әйел оқытушыларының мәжілісі өтті. Жиынды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, облыстық мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл ашты.

Өкіл имам ұстаздардың жұмыс бағытымен танысып, тың тапсырмалар берді. Өз сөзінде: «Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Ислам және жастар» жылы деп жариялады. Осыған орай, жастарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Түрлі шараларды жасай отырып жастардың білімін, белсенділігін арттыруымыз маңызды. Сондай-ақ, сіздерді мына үш принципті ұстануға шақырамын: Діни қызметті Алла үшін атқару; Ар-намысты биік ұстап, өзгелерге үлгі болу; Бірлікте болу керек және бағыну мен бақылау болу қажет,» - дейді Қанат Жұмағұл.

Жиналысқа қатысқан «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Асхат Акмамбетов ҚМДБ бекіткен тұғырнама, тұжырымдама жайлы тілге тиек етіп, 3 саты жүйесіндегі білім беруге қала ғана емес ауыл мешіттері де толықтай көшуі керек, деп атап өтті.

ҚМДБ-ның облыстағы Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Алдасаева жақында мүфтиятта Діни төрағамен болған кездесудегі жаңалықтарды жеткізіп, тапсырманы жіктеді. Ұстаздардың сұрақтарына жауап беріп, жоспарды пысықтады.

Жиыннан соң ұстаздар ас үстінде бас қосып, сұхбаттарын жалғастырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: