"Қордай" медресесінің шәкірттері өкіл имаммен жүздесті

"Қордай" медресесінің шәкірттері өкіл имаммен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай өлкесіне іс-сапармен келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы Қанат Жұмағұл Масаншы ауылында орналасқан «Қордай» медресесіне арнайы барды. 

Медресе жұмысымен, оқып жатқан шәкірттермен танысып, кітапхана қорына баға берді. Медресе ғимаратында ұстаздармен және Масаншы ауылында қызмет атқарып жүрген имам-молдалармен жиналыс өткізді.

Өкіл имам дін қызметкерлеріне діни білімді үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін ескертіп, қазіргі қоғамда болып жатқан жағдаяттардан сырт қалмай қоғамның белсенді мүшесі болып, дәл сондай елге пайдалы шәкірттер тәрбиелеп шығару  мәселесін көтерді. Медресенің жұмыстарын жүйелеп, облыстағы діни кадр мәселесін  білімді және парасатты мамандармен қамтамасыз ету  арқылы шешу - «Қордай» медресесі ұжымының алдыңғы қатардағы жұмысы болу керектігін атап өтті.

Жиыннан соң, «Мұсылмандар» мешітінде намаз өткізген Қанат Әділханұлы мешіт жамағатымен жүздесіп, «Құлшылық пен тіршілік» турасында терең мағыналы, ой тербітер уағыз айтып, жамағат сұрақтарына ден қойды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: