Өкіл имам іс-сапары Қордай өңірінде жалғасуда

Өкіл имам іс-сапары Қордай өңірінде жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлдың іс-сапары Қордай жерінде жалғасып, ат басын тіреген кезекті мекен Сортобе ауылы болды. Дін жанашыры болған, бірнеше мешіт құрылысына демеушілік көрсеткен, көптеген азаматтардың умра және қажылық сапарларының себепшісі болған марқұм Юнус Лавайұлының үйіне тоқтап, отбасына қайғырып көңіл айтып, құран оқып, имам Жаратқаннан мейірім тілеп дұға жасады.

«Дін ислам» мешітін аралап көрген өкіл имам, жамағаттармен жүздесіп «Ынтымақ пен бірлік» туралы әңгіме өрбітіп, пайғамбар (с.ғ.с) өнегелі өмірінен үзінділер келтіріп әңгіме тарқатты. Өкіл имам әрекетіне дән риза болған ақсақалдар ақ батасын берді.

Сонымен қатар облыс имамы «Мисбахуль ислам» мешітіне бас сұғып, Алла үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, мешіт қарамағындағы оқу корпусын аралап көріп өз бағасын берді. Аталмыш мешітте Сортөбе ауыл имамдарымен және жергілікті ақсақалдармен жолығып, имамдық қызметтің жауапкершілігін атап өтіп, жиналған қауымға ауыр аманатты арқалауда дін қызметкерлеріне қол ұшын беруді сұрады. Аталмыш елді мекеннен сыртта оқып жатқан шәкірттер мәселесін қозғап, оларды елге қайтару жолдарын ақылдасып талқылап, бірнеше тиімді шешімдер ұсынылды.

Қордай ауданының орталығында орналасқан  «№1 әлеуметтік бейімдеу орталығын» (қарттар үйі) зиярет еткен Жұмағұл Қанат Әділханұлы аталмыш мекеме тұрғындарына сабырлылық туралы ой қозғар насихат айтып, келе жатқан мерекелермен құттықтап, орталық ұжымына сыйлық ретінде арнайы жиһаздарды сыйға тартты. Аталар мен апалар өз атынан өкіл имамға алғысын айтып, осындай рухани кездесулер көп болып тұрса деген ниеттерін жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: