Мешіт шәкірттері емтихан тапсырды

Мешіт шәкірттері емтихан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттері білім емтиханын тапсырды. Бұл сынақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен сабақ жоспары бойынша ілім алып, келесі сатыға өту үшін 3 ай сайын тапсырылып тұрады.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен өткен емтиханда жақсы көрсеткіш көрсеткен шәкірттер келесі сатыға көшірілді. 

Айта кету керек, әр сатыда 2 топтан 6 топ болса, сол топтағы шәкірттердің жас мөлшерінде шектеу жоқ. Яғни, жастар мен аналар, әжелер бір топта оқи береді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: