САК: 40 шәкірт Құранға түсті.

САК: 40 шәкірт Құранға түсті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала адамзат баласын ақылмен ардақтап, пендесі құр босқа ғұмыр кешіп, құмарын қандырып құрдымға кетпеуі үшін қасиетті Кітабын түсірді. Сол арқылы ақыл иелерін ең тура жолға бастады. Бұл туралы Құран Кәрімнің "Исра" сүресінің 9-аятында: «Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді». 

Құлдарын қараңғылықтан жарыққа шығару үшін қасиетті Құранды аманат етіп түсірген құдіреті шексіз Аллаға сансыз мақтаулар болсын жыл өткен сайын дін жолына бет бұрып, Құран жаттаған жас-кәрілеріміздің саны артып келеді. 

Оған "Һибатулла Тарази" мешітіндегі осы жолы 40 шәкірттің Құранға түсуі дәлел болмақ. Аталған мешіттің Сауат ашу курсының күндізгі жене түскі 2-ші сатыдағы топтарының шәкірттері Құран әліппесін аяқтап, Құран Кәрімге түсуіне оарй мешіт ұстаздары бұл шараны ерекше атап өтті. Ардақты ақ жаулықты апалар, аналар мен жастар, жасөспірімдерден тұратын топқа арналған жиын ең жас шәкірттің Құран оқуымен басталып, мәнді уағыздармен толықты. 

Іс-шараға қатысқан "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев барлық шәкірттерге мешіт атынан Алланың Кәләмі Құранды сыйлап, құттықтауын жеткізді. Ал "Һибатулла Тарази" медресесінің директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы "Құран оқудың артықшылығы" туралы әсерлі уағыз айтты. 

Сонымен қатар ҚМДБ-ның Қыздар-әйелдер секторының Жамбыл облысындағы өкілі Гүлжан Алдасаева сөз сөйлеп, насихат жасаса, әжелеріміз ақ батасын берді. 

Шара соңында мерекелік дастархан жайылып, көпшілік ас үстінде бас қосты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: