«Айтқұл баба» мешітінің жамағатымен келілі кездесу өтті

«Айтқұл баба» мешітінің жамағатымен келілі кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы жұма күні Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешітінің жамағатымен жүздесті.

Бас имам ҚМДБ-ның бекіткен тақырыбы бойынша қасиетті жұма күні «Айтқұл баба» мешітінің жамағатына дініміздегі «Үнемшілдік береке кілті» тақырыбында уағыз айтты.

Құран Кәрімнің «Ағраф» сүресі, 31-аятында: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шындығында, Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді», – деп әмір етілген.

Ислам діні адам баласының өмірін жан-жақты қарастырып, әлеуметтік, экономикалық мәселелерді кең көлемде қараған. Үнемшілдік, шектен шықпау, ысырап жасамау сияқты әдептер жеке адамның немесе отбасының кедейшілік пен таршылықта болмауы үшін қажетті қағидаттар екенін түсіндірді.

Ислам дінін берік ұстанған халқымыз әр нәрсенің қадірін бағалай білген. Ата-бабаларымыз: «Барға қанағат, жоққа сабыр» деген өсиетті өмірлік бұлжымас ұстаным етіп алған. Алла Тағаланың берген ырыздық, несібесін қанағат етіп, қолындағы барын аз болса уайымдамай, көп болса тасымай өмір сүрген. 

Хәкім Абай: «...Еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпанды көрсеңіз...», - деп үнемсіздікті дұшпан екенін түсіндіреді. Мал шашушыларды яғни үнемсіздікті сынай отырып, оны адамның бес дұшпаны деп білген. Қазақтың данасы Абай атамыз ысырапшылдықты өтірік, өсек мақтаншақтық сияқты ең жаман әдет деп ұққан. Өйткені, үнемшілдік пен ысырапшылдық ислам дініндегі тыйымдардың бірі екендігін жеткізді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: