КӘРІБАЙ МОЛДА МЕШІТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

КӘРІБАЙ МОЛДА МЕШІТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл өмірге келген әрбір пенде өзінің артынан өшпес мұра немесе өшпес із қалдырып кетсем деп армандайды. Оған жетер жол Ислам шариғатында жатыр.

Соның бірі – имам Мүслимнен келген хадисте кездеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):«Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, жанына жара салған хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан  діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы.

 Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Қуат қажы Дүйсенбайұлы Шу қаласында 2004 жылы құрылысы басталып, аяқсыз қалған мешіт құрылысымен танысты. 2018 жылы қала тұрғындарының сондай-ақ барша мұсылман жамағатының қолдауымен мешіт құрылысы қолға алынды. Қазіргі таңда біршама істері атқарылып жолға қойылуда. Мешіт құжаттары заңдастырылып, атап айтар болсақ жеке тұлға атынан ҚМДБ-ның қарамағына өткізіліп мешіт құжаттары рәсімделді. Жоспарда Алла Тағаланың қалауымен үстіміздегі жылдың Рамазан айы қарсаңында мешіт құрылысын тәмамдап халыққа қызмет көрсетуге есігін айқара ашпақ. Мешітке ат қою мәселесі де шешімін тапқан.

Бас имам барша көпшілікке Алла Тағаланың жердегі үйі мешітке атсалысып, қайырымдылық көмек көрсетіп жатқан қолы ашық жомарт жандарға, сондай-ақ қолынан іс келетін қала мешіттерінің жамағаттарына Жаратушы иеміз мол сауапқа кенелтсін демек. 

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: