Бас имам алқа мүшелерін жылдық қорытындымен таныстырды

Бас имам алқа мүшелерін жылдық қорытындымен таныстырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету үшін, аудан бойынша  алқа мүшелерімен өткізілген жиналыста көтерілген мәселелерді іске асыру мақсатында   аудандық мешіт алқа мүшелеріне 2018 жылдың қорытындысымен таныстырды.

2018 жылғы мешіттің қаржылай кіріс соммасымен, шығыс  түрлерін көрсетіп, құжаттармен таныстырды. Жиналыс тек қана қаржы-шаруашылық мәселелерді қамтымай мешіттің жалпы атқарылған жұмыстарының да мәліметтері берілді.

Өткен жылы  аудандық мешіттер тарапынан 125 қайырымдылық шарасы өтіп, әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы 1985 азамат қамтылып, дәстүрлі дінді дәріптеп, жат ағымдардан сақтану үшін 46 кездесу, 3 семинар өткізілгенін бас имам Дәуренбек Жандосұлы алқа мүшелеріне жеткізді.

Алқа мүшелері қаржылық есептің ашықтығына дән риза болып, оған қоса аудандық мешіттегі тың өзгерістермен, жалпы мешітттердің атқарып жатқан жұмыстарына оң нәтижелерін берді. Жиналыс қортындысы бойынша алқа мүшелері құрамына өзгерістер енгізілді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: