Жамағат дастархан басында мынадай уағыз тыңдады

Жамағат дастархан басында мынадай уағыз тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде айлық уағыз дастарханы жайылып, қала имамдары мен жамағаты қонақ болды. Жиында Тараз қаласының бас имамы Қанат Әділханұлы сөз сөйлеп, демеушілерге алғысын білдірді. Дастархан алдында отырған көпшілікке «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Ембергенов Амангелді «Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген махаббат» тақырыбында уағыз айтты.

Қияметке жақын қалғанда Ұлы Жаратушы тарапынан адам заттың ардақтысы – соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) әлемге рақым ретінде жіберілді.

"Пайғамбарымыз өмірге келгенде, дүниеге бейбітшілік таңы атып жер – әлем нұр шұғылаға шомып ғажайып тамаша күйге бөленді. Өйткені бұл хақ пайғамбарымыздың дүниеге келуі. Пайғамбарымыз дүниеге келген сәби кезінен бастап басқан әр бір қадамы, құт – берекеге толы болды. Қайда жүрседе өзіне тәң ерекше көркем мінез – құлқымен көзге түсті. Өмір сүрген ортасының нағыз парасатты адамы бола білді. Пайғамбарымыз бойында тұла біткен қасиетімен, адамдарды тәнті етті. Ол (с.ғ.с.) өте қанағатшыл Ұлы Жаратушы сыйлаған көркем мінезімен дараланып тұрды. Бала кезінен «сенімді» деген аттқа ие болды. Өзге балалар сияқты емес үнемі өзіне берілген ризыққа, қанағат ететін, ешқашан мен аз іштім деп күпірлік келтірмейтін, ол (с.ғ.с.) ана құрсағында жатып, әкесінен, алты жасқа жеткенде анасынан айрылды. Ұлы Жаратушы Алла Тағала оны осылай шыңдап, пайғамбарлыққа дайындап жатқандай – ды. Ол (с.ғ.с.) өмір сүрген ортасының өзінде, пайғамбарлыққа тән ғұмыр кешті. Аманатқа берік, әділ, турашыл ешқашан өтірік айтпайтын. Оның (с.ғ.с.) қас дұшпандарының өзі пайғамбарымыздың өтірік айтқаның ешқашан көрмеген. Пайғамбарлық келгенге дейін адамдар арасында ең сенімді аталып, тап-таза мөлдір бұлақтай пәк ғұмыр кешті. Бойындағы бар ізгі қасиеті таза, пәк жүрегі үнемі Ұлы Жаратушысың таңдайтын еді" - деді ұстаз өз сөзінде.

Жиын соңында көпшілік ұйымдастырушыларға алғыс айтып, бата берілді.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: