Бас имам әлеуметтік сала өкілдерімен кездесті

Бас имам әлеуметтік сала өкілдерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында бірнеше имани кездесулер өтті. Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы АТТ жұмыс барысында аудандық мұрағат, жастар ресурстық орталығы және жұмыспен қамту бөлім қызметкерлерімен кездесті.

Жастар ресурстық орталығында Д.Жандосұлы жастардың тәрбиесі жайында, Елбасы жариялаған жастар жылында өскелең ұрпақтың рухын, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыру жолдарын талқылап, жастармен өз ойын бөлісіп қолдау тапса, аудандық мұрағат және жұмыспен қамту орталықтарында жат ағымдардың зияны, олардың негізгі сипаттары жайында сөз қозғалды.

Сала мамандары дін маманына өз ұсыныстарымен пікірлерін жеткізді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: