Мешіт жамағатына ақ дастархан жайылды

Мешіт жамағатына ақ дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда Алла Тағала «Сендерге берген ризық-несібелеріміздің адалынан жеңдер» («Бақара» сүресі, 172-аят),- деген.  Дастархан басындағы жиын береке, ырыс, бақыт пен шаттыққа толы келеді дейді қонақжай халқымыз.

"Ас - адамның арқауы" демекші, Тараз қаласының мешіттері жамағатты дастархан басында жинап, имамдар көркем уағыз айтатын кездесулер дәстүрге айналғаны көпке белгілі. Осы бір игі шара толастамай жалғасын тауып келеді. 

Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде дәстүрлі ақ дастархан жайылып, намазда бір сап түзеген жамағат ас үстінде бас қосты. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев сөз сөйлеп, бұл жиынның мән-маңызын тілге тиек етті. Ал, ақсақал қарияларымыз бата беріп, ел тыныштығын тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мештінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: