Түстің қыр-сыры жайлы "Иман айнасында"

Түстің қыр-сыры жайлы "Иман айнасында"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Салты мен дәстүрі ислам дініне негізделген халқымыз үшін шариғи заңдылықтар және оны білу, білгендерін дамыту маңызды дүние. 

Осы мақсатта дін мамандары қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Имамдар діни сайттар, газет-журналдар, радио-телеарналардан да көрініп, бұқараның сан сауалына жауап беруде.

Ал, бүгін "JAMBYL" телеарнасы "Иман айнасы" бағдарламасында "Исламдағы түстің қыр-сыры" тақырыбы қозғалды. Аталған түсірілімге арнайы шақыртумен "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бахтияр Амиреев қатысып қайтты. 

Маман түстің түрлері, шариғаттағы үкімі, мән-маңызы жайлы сүбелі сөз айтты. Тілші тарапынан қойылған "Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түс жорыған ба?" сынды сауалдарға мардымды жауаптар берілді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: