Айша анамыз (р.а.) және оның тақуалығы

Айша анамыз (р.а.) және оның тақуалығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісінің (ﷺ) Айша анамызға (р.а.) деген махаббат сезімін білмейтін жан кемде кем шығар. Риуаяттардың бірінде Пайғамбарымыздан (ﷺ):  «Кімді бәрінен артық сүйесің?» - деп сұрағанда ол: «Айшаны», - деп жауап бергені келтірілген  жеткізген.

Айша анамыз (р.а.) ислам құқығын, шариғат қағидаларын жақсы білген, тіпті ұлы сахабалардың өздері осы саладағы қиындықтарының шешімін табу үшін оның (р.а.) көмегіне жүгінетін болған.  

Жәбірейілдің (ғ.с.) өзі Айша анамызбен (р.а.): «Әссәләм әлейкум», - деп амандасқан.

Бірде Алла Елшісі (ﷺ)  Айша анамызға (р.а.) Жұмақта оның әйелі болатынын айтқан.

Екіжүзділер Айшаны (р.а.) қаралап, жала жапқылары келгенде Алла Тағаланың Өзі оны осы жала жабудан тазартып, Құран аяттарын түсіріп, оның кінәлы еместігін дәлелдеген.

Ибн Саад (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) Айша анамызға (р.а.)  Алланың нәсіп еткен он құндылығын атап өткендігін келтірген, сонысымен ол Алла Елшісінің (ﷺ) басқа әйелдерінен басым түскен.

Айша анамыз (р.а.) дүниелерін Алла жолында ынталана жұмсаған жандардың бірі екендігін білеміз.

Алайда барлық құндылықтарына қарамастан Айша (р.а.) өз жүрегіне Алла алдындағы үлкен қорқынышын ұялатқан және маңайындағылар оның жиі былай айтып жүретіндігін естіген:

«Алланы үнемі есіне алатын ағаш болғанымда ғой, Қиямет күні зардабын тартпас едім».

«Тас немесе жердің бір түйірі болғанымда ғой».

«Ағаштың жапырағы немесе жердегі шөп болғанымда ғой».

«Мен мүлде туылмағанымда ғой».

Айша анамыздың (р.а.) жүрегіндегі берік иманы мен  Алла алдындағы адам нанғысыз қорқыныш сезімі әрқашан оның өмірінің анықтаушы факторы болған.

 asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: