Намаз оқымай тұрып, ұйықтауға бола ма?

Намаз оқымай тұрып, ұйықтауға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кей кездері жұмыстан қатты шаршап келгенде құптан намазымды оқымай тұрып, ұйықтап қалатын болып жүрмін. Сосын түннің бір уағында тұрып, құптан намазымды оқимын. Мен күнә жасап жүрген жоқпын ба деп жиі ойланамын. Намаз уақыты кірген кезде, намаз оқымай тұрып, ұйықтауға бола ма?

Бұл сауалға қатысты имам ибн Хаджар әл-Хайтами «Тухфат әл-Мухтадж» кітабында былай жазған:

(و) يكره (النوم قبلها) أي قبل فعلها بعد دخول وقتها .. لأنه ربما استمر نومه حتى فات الوقت،ويجري ذلك في سائر أوقات الصلوات،

«Түнгі намаздың уақыты кірген соң, намазды оқымай тұрып, ұйқыға жату жөн емес, өйткені намаз уақытын өткізіп алуға болады. Басқа намаздарға қатысты шешім де осындай».

ومحل جواز النوم إن غلبه بحيث صار لا تمييز له ولم يمكنه دفعه، أو غلب على ظنه أنه يستيقظ وقد بقي من الوقت ما يسعها وطهرها وإلا حرم.

«Намаз уақыты кіргенде адамның қатты ұйқысы келгендіктен санасы тұманданып тұратын болса ғана ұйықтап алуына болады, тек бір ескерте кететін жайт – ол ұйқысынан тұрып, дәрет немесе қажет болса ғұсыл алуға үлгеріп, намаз уақыты өтіп кетпей тұрып намазын оқимын деп шамаласа ғана. Ал басқа жағдайда намаз оқымай тұрып ұйықтауға болмайды» (Тухфат әл-Мухтадж, 1 томның 429 бетін қараңыз).

Қорытындылай келе айтарымыз:

Намаз уақыты кірген соң, намаз оқымай тұрып ұйықтаған дұрыс емес, тіпті адам түнде ұйқысынан тұрып дәрет алуға және намаз оқуға уақыты болатынын білсе де, өйткені намаз оқымай тұрып ұйықтауға тыйым салынған.

 asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: