Ризық-несібені арттыратын 3 дұға

Ризық-несібені арттыратын 3 дұға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейде Алла Тағала әлдебір пендесінің ризығын тарылтып қояды, мұнда бір жасырын даналық бар. Кейін бұл даналық ашылып жатады, ал кейде құпия күйінде қала береді. Алла Тағала тарапынан болар мұндай сынақтарды адамдар әртүрлі қабылдап, әртүрлі әрекет етеді. Алла Тағалаға иман келтіргендер сабырлық танытып, Оған тәуекел етеді. Қасиетті Құранда былай айтылған:

وَفِي السَّمَاءِ رِزْقُكُمْ وَمَا تُوعَدُونَ

«Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте» (51:22).

Мүміндер Алла Тағаладан олардың алдынан ризық-несібе есіктерінің айқара ашылуын, қанағат сезімінің көбеюін және тұрмыс ауыртпашылығын жеңе білуде төзімділіктерінің нығаюын тілейді.

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім үнемі кешірім сұрайтын болса, Алла   оған қиын жағдайдан шығудың жолын көрсетеді, уайым-қайғысын жеңілдетеді әрі ол күтпеген жерден оған несібе жібереді» (Ахмад, Әбу Дәуд, ан-Насаи, Ибн Маджа, әл-Хаким, ат-Табарани және т.б.).

№1 дұға

اَللَّهُمَّ آَتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَ فِي الْآخِرَةِ حَسَنَةٍ وَ قِنَا عَذَابَ النَّارِ

«Аллаhумма атинә фи-д-дуниә хәсәнәтән уа филь-ахирати хасәнатән уа қинә‘азаба-н-нәр».

«Уа, Алла! Бұл дүниеде және о дүниеде қайыр бере гөр, Тозақ Отыңнан сақтай гөр» (әл-Бұхари, Мүслим).

№2 дұға

Үммү Салама (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ,  таң намазын оқып болып, сәлем дұғасынан кейін келесі дұғаны айтатынын келтірген:

اللّهُـمَّ إِنِّـي أَسْأَلُـكَ عِلْمـاً نافِعـاً وَرِزْقـاً طَيِّـباً ، وَعَمَـلاً مُتَقَـبَّلاً

"Аллаhумма инни асъалюкә ‘ильмән нәфи’ән уа ризқан таййибән уа ‘амалән мутақаббәлиән".

«Уа, Алла, ақиқатында, Сенен пайдалы ілім, қайырлы несібе және қабыл болатын амал тілеймін» (Ахмад, Ибн Маджа, ан-Насаи, ат-Табрани).

№3 дұға

Бір хадисте Алла Елшісі ﷺ  төсегіне жатқан соң мына бір дұғаны айтатыны келтірілген:

‏‏اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَوَاتِ وَرَبَّ الْأَرْضِ وَرَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، رَبَّنَا وَرَبَّ كُلِّ شَيْءٍ، فَالِقَ الْحَبِّ وَالنَّوَى، مُنَزِّلَ التَّوْرَاةِ وَالْإِنْجِيلِ وَالْقُرآَنِ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ كُلِّ ذِي شَرٍّ أَنْتَ آَخِذٌ بِنَاصِيَتِهِ؛ أَنْتَ الْأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شَيْءٌ، وأَنْتَ الْآَخِرُ فَلَيْسَ بَعْدَكَ شَيْءٌ، وأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ شَيْءٌ، وأَنْتَ البَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شَيْءٌ، اِقْضِ عَنَّا الدَّيْنَ، وأَغْنِنَا مِنَ الفَقْرِ

«Аллаhумма, Рабба-с-сәмәуати, уа Раббә-ль-арди, уа Раббә-ль-‘арши-ль-‘азыми, Раббәнә, уа Раббә кулли шайъин, фәлиқа-ль-хабби уа-н-нәуа, муназзиля-т-Таурати, уа-ль-Инджили, уа-ль-қуръәни, ә‘узу бикә мин шәрри кулли зи шәррин әнта ахизун бинәсыятиhи! Әнта-ль-әууалю фәляйса қабляка шайъун, уа әнта-ль-әхиру, фәляйса бә‘дака шайъун, уа әнтә-з-заhиру, фәляйса фәуқакя шәйъун, уа әнта-ль-батыну, фәляйсә дунәкә шәйъун, иқды ‘әннә-д-дайнә уа ағнинә минә-ль-фәкр!»

 «Уа, Алла, көктер мен жердің Раббысы,ұлы Аршы Раббысы, біздің және бәріміздің Раббымыз, дән мен өзекті Жаңқалаушы, Тәуратты, Інжіл мен Құранды Түсіруші, күллі жаманшылық атаулыдан Сенен пана іздеймін, өйткені бәрі Сенің құзырыңда! СенБіріншісің әрі Саған дейін ештеме болмаған, Сен Соңғысың әрі Сенен кейін ештеме болмайды, СенЖеңімпазсың әрі Сенен үстем ештеме жоқ, Сен Жасырынсың, Сенің артыңда ештеме жоқ, бізді қарыз бен кедейліктен құтқара гөр (Мүслим, Әбу Дәуд, ат-Тирмизи, ан-Насаи).

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (12)

Оқи отырыңыз: