«Жәми» орталық мешітінде шәкірт қыздар арсында мәуліт аталып өтті

«Жәми» орталық мешітінде шәкірт қыздар арсында мәуліт аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қаңтардың 5-сі Шу қаласындағы орталық «Жәми» мешітінде әйелдер-қыздар секторы ұстазының ұйымдастыруымен мәуліт мерекесі аталып өтті.

Мерекені мешіт ұстазы Тулегенова Ақтолқын жиналған шәкірттеріне сәлем беріп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келуі, дүние есігін ашқан әрбір мұсылман үшін ең қуанышты, ең бақытты күн болуы тиіс екендігін айтып бастады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистері айтылды. Шәкірттердің ауызбіршілігімен жайылған мерекелік дастарханнан дәм татылды.

Отырыс барысында оқуды жаңа бастаған 3 топ шәкірттерімен, 1, 2-ші топ шәкірттері бір-бірімен танысып, білетін хадистерін айтып отырды. Мешіт ұстазы Пайғамбар (с.ғ.с) өміріне, отбасына байланысты сұрақ-жауап ойынын өткізді. Шәкірттердің барлығы сұрақтарға жауап беріп, әр шәкірт сыйлық алды.

Осы уақытты пайдала отырып, мешіт ұстазы ережені бітіріп, Құран хатымға қадам басқан 5 шәкіртті сыйлықпен марапаттады. Мерекенің соңы Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтумен аяқталды.

«Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: