Қайырымдылық - жан жылуы

Қайырымдылық - жан жылуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық шаралары - ҚМДБ жұмыс бағыттарының бірі екені баршамызға мәлім. Осы бағыттағы жұмыстар Қордай ауданында жүйелі түрде іске асуда.

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен жағдайы төмен отбасыларға 40 тонна  көмір таратылды. Аудан орталығынан бастау алған ізгі іс осы жолы ауылдық елді мекендерге ұласты.

Әлжан ана, Бетқайнар, Қарасай және Еңбек ауылдарындағы  аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға үлестірілді. Ауыл имам-молдалары сауапты істі ықыласпен атқарып, көмек алушылдарға аудан бас имамының сәлемін жеткізді.

Көмек алып қуанған жандар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: