Қала имамдары жылдық жоспармен танысты

Қала имамдары жылдық жоспармен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде қала имамдары жиналып, жаңа 2019 жылдың жылдық жоспарымен танысты. Жиналысты қала бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы мен «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Жапек Ғалымбек жүргізді.

Жылдық жоспарды бекіту, имамдар жиналысын көшпелі халге келтіру, имамдардың мақала жазуы, қаламыздағы имамдар мен жамағат арасындағы спорттық шараларды жандандыру, қала мешіттері ұйытқы болып кітапхана және оқу орындарында дөңгелек үстелдер ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Имамдар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, алдағы уақытта болатын іс-шараларды талқылады.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: