«Құлбай баба» мешітінде Құран жарысы өтті

«Құлбай баба» мешітінде Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барлық болмыс атаулы мен таңғажайып ғаламның жаратушысы Аллаһ тағала Ислам діні арқылы діндерді толықтырып, кемеліне келтірді. Адамзаттың бақыты үшін Құран Кәрімді түсірді.

Құран аса дана һәм шексіз рақым иесі Хақ тағала тарапынан түсірілген адамзатты шынайы бақытқа жетелейтін, қияметке дейін бірде-бір әрпі өзгермейтін мәңгілік мұғжиза. Құран – Жаратқанның тура жолы, әрі хаққа бастар нұр. Ол – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының ата заңы.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Құран аяттарын неғұрлым көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесі соншалықты жоғарылайды» - деген хадисіне сай 2019 жылдың бірінші іс-шарасы Тараз қаласындағы «Құлбай баба» мешітінің ұстазы Мырзабеков Құттыбай қари мен Сматов Талғат имамның ұйымдастыруымен өткен Құран жарысымен басталды.

Жарысты тамашалауға ата-аналармен қатар Тараз қаласының бас имамы Жұмағұл Қанат Әділханұлы да келіп қатысты. Ол өз сөзінде Құранды жатқа білудің артықшылығы мен бүгінгі жарыстың маңызына тоқталды.

Жарысқа жалпы Құран жаттаған 50 шәкірт қатысып, «І пара», «жарты пара», «10 сүре» және «Құран әліппесі», яғни жалпы 4 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Әділ қазылар, Мырзабеков Құттыбай, Ахметов Арифжан және Хадиметов Абдулланың ортақ шешім шығаруымен Муғалим сәниден ІІІ орынды Асан Абдуррахман, ІІ орынды Құттыбайқызы Айша, ал І орынды Танысбай Кәусар иеленіп, 10 000 теңге жүлде алды.

10 сүрені жатқа оқудан ІІІ орынды Ахмет Мухаммад, ІІ орынды Джумаев Ибраһим алса,  І орын Советбай Мухаммад Солихке бұйырып,  20 000 теңге жүлде алды.

Жарты парадан ІІІ орынды Нұржанов Нұрлан, ІІ орынды Кәрім Бақтияр, І орынды Бакиров Абдулла иеленіп, 30 000 теңге алса, 1 параны жатқа оқудан,  ІІІ орынға Бақытқан Ырыскелді, ІІ орынға Хамитов Имран,  І орынға  Ерланұлы Ислам  ие болып, 40 000 теңгені қанжығаға байлады.

Барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Жарысты ұйымдастырушыларға және 3 жыл бойы үздіксіз Құран үйреткені үшін Құттыбай ұстаз бен үнемі қолдау көрсетіп жүрген демеушілерге Алла разы болсын деп алғыс айтамыз.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: