Өзбекстан әуежайлары мен вокзалдарында намазханалар ашылады

Өзбекстан әуежайлары мен вокзалдарында намазханалар ашылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес елдің барлық темір жол вокзалдары мен әуежайларында намазханалар ашылатын болды.

ИсламНьюс ресурсының мәлімдеуінше, ел Басшысы 2019 жылдың 1 маусымына дейін намаз оқып, дәрет алатын орындарды жабдықтауды тапсырған.

2017 жылдың қараша айынан бастап Ташкенттің халықаралық әуежайында тәулік бойы жұмыс істейтін намазхана ашылғаны белгілі. Қазіргі таңда Өзбекстандағы тұрғылықты халықтың шамамен 95% ислам дінін ұстанушылар болып табылады. 

asyldin.kz


«Сабыр мен намаз арқылы жәрдем сұраңдар. Расында олар қорқушылардан басқалар үшін бір қиын іс» (Бақара, 45); 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: